Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (13)

Ардагерлер

Ардагерлер сіздерге ізет, құрмет,
Ерліктерің бойыма жігер берет.
Қайтпас қайсар, батырлар, ардақтылар,
Асқар таудай, алыптар, нар тұлғалар.

Толық

Ер қазағым

Найзасы найзағайдай от шашатын,
Қорғаған елін, жерін ер қазағым.
Байрағы көк аспанда желбіреген,
Елдігін жауға бермес ер қазағым.

Толық

Елім ай

Елім-ай деп ән туып зар заманда,
Халық мұңы сарынынан байқаларда.
Қасіретті күндердің көрінісі,
Құлақ түрсең көз алдыңа ораларда.

Толық

Күзбен сырласу

Күз келіп сарғайыпты жапырақтар,
Оранып сары кілем жасыл бақтар.
Тамыздың тамылжыған соңғы күні,
Естіліп қоңыр күрең күздің үні.

Толық

Толғау

Қараша үйден бақ кетсе,
Қарайып іші бос қалар.
Елімнен ұят ар кетсе,
Намысы жерде тапталар.

Толық

Қыз ары

Түңгі клубта секеңдеген қарындас,
Түңгі өмірді серік қылып айрылмас.
Ойын-күлкі, сауық сайран құрумен,
Еш уайымсыз, сән салтанат қылумен.

Толық

Студенттік шақ

Студенттік деген ғажап шақ,
Қадірін біліп, ұға алсақ.
Көңілің жайнап көктемдей,
Алып ұшып кеткендей.

Толық

Біріңе қазақ

Біріңе қазақ жау болма,
Дұшпаның алар алқымнан.
Бірлігің болса мызғымас,
Жаратқан өзі жар болған.

Толық

Көк байрақ

Байрағымыз көк аспанда желбіресін,
Байтақ жерім, құт мекенім, елім десін.
Қазағыма ырыс қонған заманда бұл,
Бақ береке үйімізден үзілмесін.

Толық

Қазақ рухы

Әгәрәки Абылай деп, жауларына ұмтылған,
Алаш, алаш, алаш десе тау көшкендей рухынан.
Қазағымның қанында бар көк түркінің әруағы,
Зар заманда, бұл заманда ел жұртымды қолдады.

Толық

Бабалар арманы

Егемен ел болуды аңсап бабам,
Жауларын жерімізге жолатпаған.
Көзінің қарасындай қорғаштаған,
Ұрпаққа ұлан ғайыр жер қалдырған.

Толық

Ғажап тілім

Тілім десе жүрегім тілімделіп тілінген,
Тілім менің тірегім сүйенішім сүйенген.
Тілім барда жалғанда жалықпаймын сүруден,
Тілім барда тірліктің оты өшіп, сөнбеген.

Толық

Бұл дала

Бұл дала не көрмеген, не көрмеген,
Тарихтың көшінен еш бөгелмеген.
Сақ, үйсін, ғұн бабамның көзіндей боп,
Кең байтақ қазақ жері бізге жеткен.

Толық